Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
207
оқылды
Синоптиктер 9-11 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
«Еліміздің батысы мен оңтүстігінде ыстық, жауын-шашынсыз ауа райын сақтайтын Ираннан келіп түсетін жылы және құрғақ ауа массалары Ақтөбе және Қостанай облыстарына әсер ете бастайды. Алайда, еліміздің солтүстігінде және орталығында найзағаймен өткінші жаңбыр тудыратын биіктік жылжып, Қазақстанның шығысында құбылмалы ауа райына себепші болады. Жаңбыр, кей жерлерде қатты, дауыл, екпінді жел күтіледі, бұршақ түсуі мүмкін», - делінген хабарламада.