Өскеменнің бас полицейі коронавирустан қайтыс болды
Өскеменнің бас полицейі коронавирустан қайтыс болды
182
оқылды
Өскемен қалалық полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 20 маусымда полицейдің коронавирусқа тапсырған сараптамасы оң нәтиже көрсеткен. Одан кейін денсаулығы күннен-күнге нашарлай түскен.
Полиция полковнигі Даур Ибраев - Семей қаласының тумасы, кадр офицері, 2000 жылдан бастап ведомстволық ЖОО-ны бітіргеннен кейін Шығыс Қазақстан облысы полициясының жедел-тергеу бөлімшелері лауазымдарында жұмыс істеген.
"Қызмет барысында өзін тәртіпті және сауатты офицер ретінде көрсетіп, құқықбұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіпті сақтауға, қылмыстық құқықбұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге елеулі үлес қосты. ШҚО полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы, Ішкі істер органдары мен ШҚО Ұлттық гвардиясының ардагерлер кеңесі полицейдің туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады", - делінген хабарламада.