COVID-19: Ауруханадан шыққан соң ем шарасы қандай болуы керек?
COVID-19:  Ауруханадан шыққан соң ем шарасы қандай болуы керек?
© elements.envato.com
231
оқылды
Ауруханадан шыққаннан кейін учаскелік дәрігерге хабарласып, стационарда ем алғаныңызды айту міндетті, деп хабарлайды «Хабар 24». Әрі қарай дәрігердің барлық нұсқауын орындау керек. Әсіресе, пульмонолог маманның бақылауында болған жөн. Бұл – денсаулық сақтау министрлігінің кезекті кеңесі. Сондай-ақ, басқа да созылмалы аурулар болса, уақытылы емдеп, қажетті анализ тапсыру керек. 4 аптадан кейін тағы бір рет тексерілу артық етпейді. Күніне екі рет дене қызуы мен қан қысымын өлшеп, тыныс алу жиілігін тексеріп отыру маңызды. Суды көп ішіп, құнарлы тамақ жеу керек. Жәйлап дене жаттығуларын жасауға болады. Ең бастысы, санитария шараларын қатаң сақтап, қолды жиі жуу қажет.