11-13 шілде күндеріне арналған ауа райы болжамы жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің біраз өңірінде тұрақсыз ауа райы болжанады.
"Кезеңнің басында республикада циклон жырасының солтүстіктен және оңтүстіктен шығуына байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Содан кейін антициклон сілемінің жылжуымен жауын-шашын тоқтатылып, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Тек республиканың шығысында жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты, дауыл, екпінді жел, бұршақ түсуі мүмкін. Қазақстанның батысында қатты ыстық сақталады", - деп хабарлады синоптиктер.