Мектептерде жаңа пән енгізіледі
Мектептерде жаңа пән енгізіледі
© сурет интернеттен алынды
5,219
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мектептерде жаңа пән енгізуді тапсырды.
"Мектептерде балалардың экологиялық білімі пәнін енгізу керек", - деді Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында. 
Президенттің айтуынша, елді мекендердің айналасындағы табиғи қоқыс үйінділерінің мәселесі шешілген жоқ.
"Бір жолғы рейдтер жүргізу, айыппұл салудың әсері аздық етеді. Экология министрлігі тарапынан жүйелі жұмыс қажет. Үкімет Waste to energy (қалдықтарды энергетикалық тұрғыдан кәдеге жарату) технологиясын енгізу үшін заңнамалық базаны және қолайлы инвестициялық жағдайларды жедел қамтамасыз етуі қажет",- деп тапсырды Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өзектілігі артып бара жатқан экология мәселесімен айналысуды тапсырды.
"Жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдық шығады. Олардың ел бойынша қайта өңдеу үлесі тек 15 пайыз. Бұл жеткіліксіз", - деді Тоқаев.