Қазақстанда 10 миллионға жуық адам коронавирусқа шалдығады. Жоғары санатты дәрігер, бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Тамара Вощенкова осындай болжам айтты.
"Елімізде 18 миллион халық бар. Менің болжамым бойынша, коронавирусты 10 миллионға жуық қазақстандық жұқтырады. Бұл биологиялық процесс .Ауруға кез келген адам шалдығады, індеттен ешкім қорғалмаған. Коронавирустан қорғайтын жалғыз тәсіл - әр ағзада антидене түзілуі керек",- деді ол.
Оның пайымынша, елімізде төтенше жағдай режимі жарияланбағанда, қазіргі ауру және өлім-жітім көрсеткіші наурызда басталар еді.
"Қазір мен барынша оқшауландым. Бірақ менің де коронавирусты жұқтыруым ғажап емес. Қазіргі жағдайда әр адам өз денсаулығының менеджері болуы тиіс. Иммунитетті нығайту - пандемиядан аман шығудың жалғыз жолы",- дейді Тамара Вощенкова.