Топ мүшелері аталған орындардағы санитарлық-дезинфекциялық жағдайды, бетперделік режим мен кезекте тұрған қызмет алушылардың арасындағы қауіпсіз арақашықтықты сақтау тәртібін бақылады. Кейбір кәсіпкерлік нысандарда антисанитарлық талаптардың орындалмағаны анықталды. Мониторинг барысында бірқатар орталық басшыларына сын-ескертпелер, ұсыныстар жасалынды. Дәріхана меңгерушілеріне санитарлық талаптарды қатаң сақтау, дәрі-дәрмек бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру туралы нұсқаулық берілді.
Дәріханалардағы кейбір дәрі-дәрмектердің әлі де тапшылығы байқалды. Дәріхана меңгерушілері тұрғындарға өз тараптарынан сатылымда жоқ дәрілердің орнына балама нұсқаларын ұсынып жатқанын жеткізді. Осы орайда, арнайы топ мүшелерімен Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне хаттама әзірленіп жолданбақ.
Айта кетейік, партия филиалы тарапынан мұндай мониторинг жұмыстары жалғасын табады.