Пышақ ұстаған елордалық әйел супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды
Пышақ ұстаған елордалық әйел супермаркеттің астаң-кестеңін шығарды
фото: видеодан алынды
246
оқылды
Әлеуметтік желілерде Нұр-Сұлтандағы супермаркеттердің бірінде ойран салып, келушілерді пышақпен қорқытқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Кадрлардан ызалы әйел жан-жағына пышақ сермеп тұрғанын көруге болады. Оны бірнеше ер адамды сабырға шақырғысы келегенімен , әйел айқайға басып сөредегі тауарларды лақтырған. Оқиғаға Нұр-Сұлтан полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. "10 шілдеде сағат 18.00-де полицияға Самал шағын ауданындағы сауда үйінде белгісіз әйел пышақ сермеп, келушілер мен қызметкерлерге былапыт сөздер айтып, тіл тигізгені, витринаның тас-талқанын шығарып, азық-түлікті шашып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл деректі растады. Ұстау кезінде бұрын сотталған 30 жастағы әйел полицейлерге қарсылық көрсетті. Ол полиция басқармасына жеткізілді, тексеру жүріп жатыр", - делінген хабарламада.