Сондай-ақ ол нысан өз атмосферасын қалыптастырып, қала тұрғындары арасында шығармашылық кластердің дамуына ықпал ететінін атап өтті.
"Бұл жердің шағын бизнес үшін әлеуеті жоғары екенін атап өткен жөн. Екі саябақтың жаяу жүргінші мен велосипед жолы бар жалғыз байланысы екенін ескерсек, бұл орын қоғамдық тамақтану орындарына тамаша жағдай жасайды. Бұл өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп, әлеуметтік белсенділікті арттырады", – деді Базыкен.
Қазіргі уақытта орынды ретке келтіру жалғасуда. Жаңа нысандар бос қалған аумаққа барған сайын көбірек адамдарды тартады. Сондай-ақ мұнда әткеншек-орындықтар, баскетболға арналған ілмектер және екі стритбол алаңы пайда болды.
Осы жылы барлығы 50 қоғамдық орын (саябақтар, алаңдар, бульварлар) және 150-ге жуық аула абаттандырылады. Аулалар мен қоғамдық орындар "Нұр-Сұлтан – тұрғындарға жайлы қала" атты елорданы одан әрі дамыту жоспарының тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда.