Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі - Президент
Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі - Президент
фото: ашық дереккөз
5,266
оқылды
Үкімет Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. «Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», - деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де. Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде барлығы 7393 адам тіркелді, оның 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болды - 13 науқас. Осы ретте, Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырау өңіріне барып, шұғыл жиын өткізіп, эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қолға алынатын шаралар айтылды. Ал 11 шілде күні сағат 00.00-ден бастап Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді.