Болат Тұрғанұлы Төкежанов ҚР Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жаңа басшыны қор ұжымына таныстырды.
«Болат Тұрғанұлы денсаулық сақтау жүйесінде тәжірибесі мол, саладағы ең маңызды реформаларды жүзеге асыруға тікелей қатысқан, барлық проблеманы іштен жақсы біледі. Бұл өте құнды тәжірибе, өйткені медициналық сақтандыру қорының халыққа арналған медициналық көмекті стратегиялық сатып алушы ретінде және МӘМС пен ТМККК пакетінің қаржылық операторы ретінде ерекше мәртебесі бар. Барлық процесті - сатып алу мен медициналық көмекті қаражыландыру ісін ашық және жүйелі жүзеге асыру керек. Қазір еліміздің денсаулық сақтау саласы қиын кезеңді бастан өткізіп отыр, бұл ретет коронавирусқа қарсы күрес шараларының шығынын өтеуде сақтандыру қорының рөлі өте маңызды», - деді министр А. Цой.
Министр бұл тағайындаудың артында үлкен жауапкершілік тұрғанын және Мемлекет басшысы қойған міндеттерді қысқа уақытта орындау қажеттігін айтты.