Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Авторлар бағаны

Цифрлы дәуір – сиқырлы

Нұртөре ЖҮСІП
Тамыз 2, 2019
Авторлар бағаны
1.4k
қаралым

Ауылға келді интернет

Қазір жоғары технологиялардың қатты серпін алған заманы. Осындай жағдайда Қазақстан да өршіл дамығысы келеді. Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы қабылданып, оны жүзеге асыруға 141 млрд теңге қаражат қарастырылған. Технология атаулы қанша қарқын алса да, оны игеретін де, басқаратын да адам капиталы. Білікті маманың, білгір адамың болмаса, бәрі қағаз жүзінде қалып қоюы да мүмкін…

Алға озып кеткен алпауыт елдің бәрі IT әлемін игеріп алған. Ал бізге кәдімгі технологияның өзін игеру қиынға соғып жатыр. Күн сайын жүз жаңалық қосылып жатқан қазіргі технологиялық трендтер үдерісін қуып жетудің өзі үлкен мәселе.

Қазақстандағы ІТ саласы бойын­ша әлем болмаса да, жан-жағымыздағы елдер мойындайтын қанша компания бар? Иннова­цияны, ғылымды дамыту шағын компаниялардың қолынан келе ме? Неге біз шетелдік дайын бағ­дар­ламаларды орасан қаржыға сатып алуға құмармыз? Отандық компаниялар ортақ мақсат жолында біріге ала ма?

Paypal мен Tesla тәрізді ғарыш­тық коммерциялық жобаларды өмірге әкелген Илон Маск жа­санды интеллект адамзат бала­сына қауіп төндіреді деген пікірде. Ал Faсebook әкесі Марк Цукерберг мұны адамзат дамуының заңды бір бөлшегі санайды. Қалай бол­ғанда да прогресті тоқтату мүм­кін емес.

«Цифрлы Қазақстан» бағдар­ламасын жүзеге асыру үшін бес жылға 141 млрд теңге бөлініп отыр. Осы қаржы тиімді игеріле ме, жоқ әлде баяғы «кластерді дамытамыз» дегендей, су аяғы құрдымға сіңіп жоқ бола ма?

Қазақстанда қандай мекемеге бас сұқсаңыз да, қағаздан бас көтере алмай жатқан адамдарды көресіз. Күн сайын мыңдаған құжат қағаз жүзінде толтырылады. Электронды құжатқа көшу деген ЦОН-дарда барына шүкір дейсіз. Арнайы электронды цифрлы қолтаңбаның (ЭЦҚ) кілтін бір жылда бір рет Халыққа қызмет көрсету орталығына барып ала аласыз. Осы Documentolog жобасын 2007 жылы қазақстандық IT мамандар ойлап тапқан болатын.

Бір кезде Үкімет тапсырма­сымен Қазақстанда IT кеңесін құру туралы бастама көтерілген еді. Оған ең тәжірибелі деген мамандарды іріктеп аламыз деген сияқты болған… Соның соңы қалай екенін, кім білген?!. Еліміздегі цифрландыру саясаты республикамыздың шалғай­лығына байланысты толық жүзеге асырыла ма деген де алаңдаушы­лық бар. Кей өңірлерде қарапайым телефон байланысы жолға қойыл­мағанын да жақсы білеміз. Елдімекендерге кабель тарту өте қымбатқа түседі.

Осы ретте 1 жарым миллиард халқы бар Үндістанның тәжіри­бесі қолданысқа жарайтын тә­різді. Бұл ел компьютерлік тех­нологиядан мобильдік техно­логияға жедел бетбұрыс жасады. Қытай да нешетүрлі функциясы бар мобильдік телефондарды пайдаланып отыр.

Ең бастысы – білікті мамандар шоғырын қалыптастыру. Бізде осы жағы ұмыт қалған сияқты…

 
Тегтер: «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасыІТ саласытехнология атаулыЦифрлы дәуір – сиқырлы
Алдыңғы жаңалық

Томасовтың хет-тригі «Астананы» келесі кезеңге алып шықты

Келесі жаңалық

«Айқынға» қолдау білдірді

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан, карантин, төтенше жағдай,
Жаңалықтар

Түркістан облысында ең бірінші коронавирус анықталған Жетісай мен 6 ауыл карантинге жабылды

Сәуір 7, 2020
Авторлар бағаны

Көркем жер көп

Тамыз 13, 2019
Авторлар бағаны

Қазақтың етін арабтар жейді

Тамыз 10, 2019
Авторлар бағаны

Тіл ұстарту тәсілі

Тамыз 9, 2019

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 08:07

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 08:00

Талғарда анасына ота жасайтын хирургті ұрып, қашып кеткен тұрғын ұсталды

Наурыз 2, 07:48

Шолақ жарнамадан құтылатын күн жақын

Наурыз 2, 07:30

2 наурызға арналған ауа райы болжамы

Наурыз 2, 07:17

Баспана бағасы шарықтап барады

Наурыз 2, 07:05

Шымкентте базардағы қойма өртенді

Наурыз 2, 07:00
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

коронавирус, ауру, науқас

Бір тәулікте қанша адам коронавирусқа шалдықты?

Наурыз 2, 2021
томография

Ақмолада тегін томография тапшы

Наурыз 2, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»