Бұл ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторы 10 шілдеде көшеде 5 жастағы баланы бөтен адам алып кетпекші болғанын хабарлады.
«Балалар алаңында бөтен азаматтың айналшықтап жүрген көршім байқап қалған. Ол балалардың бірін дүкенге баруға шақырған. Оны көрген көршім олардың артынан еріп барған. Ер адам оны көріп, ұл балаға шөптің арасына тығыла тұруын өтінген. Бұл жағдай бейнекамераға түсілген. Баланың ата анасы полицияға арызданды», - делінген постта.
[embed]https://www.instagram.com/p/CCibgQMpUjp/?utm_source=ig_web_copy_link[/embed]
Қалалық ПД баспасөз қызметі бұл дерек бойынша түсінік беріп, күдіктінің ұсталғанын жеткізді. Арыз 10 шілдеде жазылды. «1961 жылғы азамат жергілікті тұрғын балаға су әпермек болған. Оның қандай ойы болғаны тергеу барысында анықталады» деді полицияда.