Өзбекстанның Сурхандария облысында жас ана жаңа туған қызын 10 миллион сумға (404 мың теңге) сатпақ болған. Бұл жайында Podrobno.uz сайты хабарлады.
28 жастағы Ф.Н. жаңа туған сәбиін заңды түрде сот арқылы 35 жастағы Ю.Т.-ға берген. Босану кезінде жұмсалған шығын мен дәрі-дәрмек үшін 1,7 млн сум алды.
ІІМ Тергеу басқармасының мәлімдеуінше, содан кейін жас ана шешімін өзгертіп, қызын беруден бас тартқан. Онда да үстінен тағы 10 млн сум сұраған. Тіпті, жас ана әлгі келіншектің үйіне бірнеше рет барып, телефонмен хабарласқан. Міне, сол кезде әйел баласын сатқан ананың үстіне арыз жазып, полицияға шағымданған.
Осының негізінде 3 шілде күні құқық қорғау органдарының қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын өткізді. Соның барысында жас ана төрт айлық қызын сатып, ақша алып тұрған жерінде ұсталған.
Аталған факті бойынша Құмқорған аудандық ішкі істер бөлімінің тергеу бөлімшесі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта алдын-ала тергеу жұмыстары жүріп жатыр.