Бүгін, 13 шілде күні, күндізгі сағат 14.00-де Шығыс Қазақстанда қатты дауыл тұрды.
Соның кесірінен Бородулиха ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» шатыры ұшып кетті. Ғимараттың 468 шаршы метр шатырын жұлып әкетті.
«Шатырдың құлауынан жанында тұрған екі көлік те бүлінді. Зардап шеккендер жоқ. Әзірге шығын көлемі есептеліп жатыр» деді ТЖБ.
Төтенше жағдай бөліміндегілердің айтуынша, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге дейін жеткен екен.