Дәрі сатып, пайда көрген алыпсатарлар да жазаланады
Дәрі сатып, пайда көрген алыпсатарлар да жазаланады
121
оқылды
Тіпті, кей жандар дәрі-дәр­мекті көрші елден алдыртуға мәжбүр болғаны да жасырын емес. Қоймаларда дәрі жет­кілікті болса, бұл жағдай не­­ден туындап отыр? Әлде, қа­ра­лы кезеңде алып­са­тар­лар­дың дәурені жүрді ме?  

Бар дәріні жоқ қылған

Ем іздегендер көбейген ке­зең­де дәрі-дәрмекке сұраныс ар­туы заңдылық. Ел аумағында сұ­раныстың қаншалықты арт­қаны белгісіз, дегенмен бір ғана Шым­кент қаласында  2,5 мың есе­ге өскені анықталып отыр. Осын­дай кезеңде дәрі тапшы­лы­ғын қолдан жасағандар табылды. Мы­салы, Шығыс Қазақстан об­лы­сында фармацевт ең қажетті дәрі­лерді үйіне жасырған. 44 жас­тағы әйелден 2 500 трамадол мен 190 құты тропикамид тәркі­лен­ген.  Ол осы дәрілерді жасы­рын жолмен қымбат бағаға сат­қан. Ал Алматыда жансақтау бө­­лімінің меңгерушісі се­во­флу­ран, цефтриаксон, меобактрин, альбунорм, октагам және про­пофол секілді тапшы дәрілерді жа­сырын сатып келген. Заңсыз сауданың арқасында азамат 1 млн 370 мың теңге қаржы жинап үл­гер­ген екен. Осы секілді жағдай­дан кейін көрші Ресейден дәрі ал­дырта бастаған жұртшылықты жаз­ғырудың қажеті жоқ. Себебі қай адамға болсын, ем қажет болса, ел таңдамасы анық. Сон­дай қауырт кезеңнің бірінде ке­лең­сіз оқиғалар да тіркеліп жа­тыр. Жуырда Павлодар тұрғы­ны­ның Ресейден алып келе жатқан дәрі-дәрмегін шекарашылар тар­тып алған болатын. Абырой бол­ғанда, қажетті дәрілер иесіне қай­тарылыпты. Ал дәрі­ханалар­дағы тапшылыққа кімдер кінәлі?  

Дәріханалар әлегі   

10 шілде күні Мемлекет бас­шы­сы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отыры­сын­да пандемия кезінде дәрі ба­ғасын шарықтатып, дәрі тап­шылығын қолдан жасағандарды қатаң жазалауды тапсырған бо­ла­тын. Дәрі тапшылығы қоғам нара­зылығын тудырған бетте әр өңірде қоғам белсенділері жауап­ты орындармен бірігіп, дәрі-дәр­мек қоймалары мен дәрі­ха­на­ларға тексеріс жүргізе бастаған. Алай­да  қоймалардың көбінде дәрі жеткілікті екені жиі хабар­ла­нады. Демек, дәрі бар, бірақ не себепті дәріханаларда  қажет дә­рінің жоқ екені белгісіз. Па­ра­докс. Кімнің жауабына сенерін біл­мей, екі ортада халық әбігерге түседі. Осы секілді тексерістер нәти­жесін білмекке тырысқан едік. Маңғыстау өңірінде де дәрі тап­пай сенделген жұрттың қара­сы көп. Облыстық қоғамдық кеңес­­тің мүшесі Аят Исатайұлы бұ­ған қатысты әлдекімдердің жауап­сыздығы себеп болып отыр­ғанына көз жеткізгенін ай­тады. – Қоймалар толы, дәрі-дәр­мек жеткілікті дейміз. Шын­ды­ғын­да, олай емес. Ақтау қала­сын­да барлығы 146 дәріхана бар. Со­ның 20-сында ғана қажетті дәрі­лер сатылып жатыр. Ал қал­ға­нында жоқ. Дәріхана иелері дәрі сұратса «қоймада таусылған»  деп жауап алады екен. Бірақ 20 дәрі­­хана дәріні қайдан алып отыр­ғаны түсініксіз болған. Пре­зидент өз сө­зінде «СК-Фар­ма­ция­­дан» бас­тап тексеріс жүргізу кере­гін айт­ты. Расында да,  қой­мадағы дәрі­лерді таныстық ар­қылы жым­қы­рып отырғандар бар екен. Оған  дәріхана иелерінің бір-бірін кінә­лап шыға келгені дәлел. Кім­нің ықпалы күшті, сол қоймадан дәрілерді алып, әрі қарай білгенін жасаған. Тексеріс әлі жалғасуы тиіс. Әйтпесе, дәрі тап­шылығы тыйыл­­майды, – дей­ді қоғам бел­сен­дісі.  Азаматтың пікіріне сүйенсек, елдегі дәріханалардың барлығына түбегейлі тексеріс жүргізу қажет бо­лып тұрған сыңайлы. Онсыз дә­рі іздеген жандардың азаймауы мүмкін. Дәрі табыла қалған күн­нің өзінде оның бағасына  қатыс­ты көңіл толмайтын  тұстар бар. Мысалы, Тараз қаласында 80 тең­ге тұратын цитрамонды 250 тең­геге, 170 теңгелік цеф-3 анти­био­тигін 1 500 теңгеге саудала­ған­дар кездесті. Осыған орай, еліміздің барлық аймақтарында дәрі бағасын негізсіз қымбат­та­тып сатқан жағдайда хабарласуға  бо­латын  IKomek  орталығының теле­фон  нөмірлері жарияланған еді. Біз осы орталыққа хабар­ла­сып, мән-жайды сұрап білген едік. – Дәрі бағасы нақты мынадай тең­геден аспау қажет деп айта ал­маймыз. Тек бір азамат дәрі са­тып алғанда бағасына көңілі тол­май, қымбат екенін айтып бізге хабарласса, дәріхананың ме­кенжайын біліп, арнайы тек­серіс жүргіземіз. Егер дәрі ба­ға­сын әдейі қымбаттатып отырған дә­ріхана екені расталса, шара қол­данамыз. Қазір тек Нұр-Сұл­тан қаласы бойынша шағым­дар­ды қабылдауға кезекпен жұ­мыс істейтін 60 оператор жұмыл­ды­рыл­ған.  Коронавирусқа байла­ныс­ты 304 мың қоңырау келіп түсті. 5 шілдеден бастап, яғни 1 ап­тадан астам уақыттың  ішінде дәріханалардағы дәрі бағасына байланысты 201 шағым түсті. Ал дәріханада қажетті дәрінің жоқ еке­нін айтып, 75 адам хабарласты. Барлығы ескеріліп, тиісті жұмыс атқарылып жатыр. Шағымдар тиісті орындарға жолданды, – дейді орталықтың баспасөз хат­шысы Лаура Жолдасбекова. Қорыта айтқанда, дәрі-дәр­мекке зәру елдің шағымы орынды екені анық. Себебі қоймада бар дәрінің елге жеткенше талан-таражқа түсуі – алыпсатарлардың кө­бей­генін аңғартады. Сондық­тан бұл тұста дәрі тапшылығымен  ғана емес, ортадағы  жасырын  делдал мен бағаның аспандап кетуі­мен де күрескен жөн. Әйт­песе,  қысылтаяң шақта адам өмірі тұрғанда, дәрі таппаған жұрт­тың наразылығы мен көрші елге сабылғандардың қарасы үзіле қоймайтыны аян.  

мадиярМадияр ТӨЛЕУ