Спортшы ауа жетпей жатқан науқастарға өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын алып берді
Спортшы ауа жетпей жатқан науқастарға өкпені жасанды тыныс алдыру аппаратын алып берді
Фото: дереккөзден
344
оқылды
Ол оттегі концентраторын Алматыдан арнайы алдырған. Бағасы – 550 мың теңге.
«Қазіргідей қиын кезде дәрігерлер науқастарды емдеуде тыным таппай еңбек етіп жатыр. Ата-анам да осы салада ұзақ жыл еңбек еткен. Сондықтан дәрігерлердің тынымсыз жұмысының ауырлығын жақсы білемін. Алайда, дәрігерлерге де кейде мүмкіндігі бар азаматтардың қолдауы қажет-ақ», – дейді Асхат Жұмабек «Қазақпаратқа» берген сұхбатында.
Аудандық аурухананың дәрігері Сержан Сәндібаевтың айтуынша, оттегі концентраторы қазіргі кезде өте қажет.
«Бұл – біздің ауруханадағы алғашқы құрылғы. Үздіксіз оттегі бөліп тұратындықтан, оған ауа толтырудың қажеті жоқ. Осы кезге дейін бізде мұндай құрылғының жоқтығынан, науқастар арнайы оттегі баллондары арқылы тыныс алатын еді. Ал мұндай баллондарды санаулы сағаттан соң ауыстырып тұру керек. Осындай оттегі концентраторының жоқтығы жанымызға бататын», – дейді дәрігер Сержан Сәндібаев.