Үкімет басшысы 42 500 теңге қандай тәртіппен төленетінін айтты
Үкімет басшысы 42 500 теңге қандай тәртіппен төленетінін айтты
Фото: Интернеттен алынды
236
оқылды
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шектеу шаралары кезінде табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшеріндегі 42 500 теңгені бір айға төлеу бойынша шешім қабылдап отырмыз. Төлем карантин шараларының күшейтілуіне байланысты жұмысы шектелген жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың өтінімі негізінде жүргізіледі. Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігі төтенше жағдай кезеңіндегідей азаматтардың жекелеген санаттарына азық-түлік өнімдері бойынша ақшалай көмек беруді жалғастырсын. Бұл – 1 миллионнан астам адам», – деді Асқар Мамин.
Үкімет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті қолда бар деректер негізінде алдын ала, халықты әуре-сарсаңға салмай, карантин кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мүгедектігін 3 айға автоматты түрде ұзартуды тапсырды.