42 500 теңге: Kaspi.kz пен Halyk Bank арқылы өтініш беруге болады
42 500 теңге: Kaspi.kz пен Halyk Bank арқылы өтініш беруге болады
© сурет интернеттен алынды
300
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Каспий банк пен Халық банк 42 500 теңгеге өтініш қабылдайтын порталдар қатарына қосылуға ниет танытқанын хабарлады. «Өтініштер наурыз-сәуір айларындағыдай «42 500» порталында, электронды үкімет порталында қабылданады. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін телеграм-боттар жұмыс істейтін болады. Тағы да қайталап айтамын, бұл порталдар тек жұма күні іске қосылады, әзірге, өтініш жіберіп әуре болмаңыздар», - деді Нұрымбетов. Сондай-ақ министр екі банктің ұсынысына қатысты қосымша мәлімет 16 шілдеде тағы хабарланатынын айтты. «Каспий банк пен Халық банк өтініш қабылдайтын портал ретінде жұмыс істеуге ұсыныс жасады. Оны да іске асырамыз. Осы порталдар арқылы өтініш беруге болады. Қосымша мәліметті бейсенбіде айтамыз», - деді Біржан Нұрымбетов.