Сел салдарынан зардап шеккендерге жаңа үй
Сел салдарынан зардап шеккендерге жаңа үй
Фото: автордан
305
оқылды

Құрылысы бір жарым айда аяқталған үйлердің өлшемі 11х11 метрді құрайды. Аумағы 112.36 шаршы метр болатын үйлердің қабырғасы газаблоктан, шатыры профнастилден салынған. Ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да толық біткен үйлердің құрылысын «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізген. Баспана иелерін жаңа қонысымен құттықтаған қала басшысы аталмыш құрылыс мекемесіне алғысын жеткізді.

  [caption id="attachment_57715" align="aligncenter" width="1032"] width= Фото: автордан[/caption]

 width=  width= Сонымен қатар Елтай тұрғын алабын қайта қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан қала әкімі орташа жөндеуден өткен Баубақша мен Нұрсәт көшелерін аралап көрді. Жалпы тұрғын алапта 5,5 шақырымды құрайтын 3 көше мен 1 көпірге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстарға бюджеттен 186,5 млн. теңге қаржы қаралыпты.

Назгүл НАЗАРБЕК