ШҚО ақпарат орталығының мәліметінше, адамдардың су айдынында қаза табуына мынадай жағдайлар себеп болған:
суда жүзе алмау немесе өзінің шамасын білмеу,
балаларды қараусыз қалдыру,
алкогольді ішімдік ішкен күйі суға түсу.
Бұл жайында арнайы брифингте ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Дмитрий Титов айтты.
«2020 жылдың басынан бері ШҚО-да 28 адам суға батып, қайтыс болған. Тек шомылу маусымының өзінде 16 адам мерт болды, оның алтауы - 17 жасқа дейінгі балалар. Барлық қайғылы жағдай шомылуға рұқсат етілмеген жерлерде болған» деді департамент басшысы.
Оның айтуынша, бүгінде халықтың жаппай демалып, суға түсуі үшін 359 орын жабдықталып, дайындалған. Оның 180-інде арнайы жағажай бар. Облыста барлығы 132 құтқарушы жұмыс істеп жүр. 53 қоғамдық құтқару бекеті ашылып, 48 акваторий тексеруден өткен. Алакөлде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 4 құтқарушыдан құралған топ жұмыс істеуде. Аймақтағы су айдындарының жағалауында мыңнан астам рейд өткізілген.