ҚПО ынтымақтастықтың арқасында жергілікті компаниялар өндіріс көлемін көтеру, озық технологиялар трансфертін іске асыру, сондай-ақ консорциумдар мен бірлескен кәсіпорындар құруға арналған серіктестер табу сияқты шараларды жүзеге асыра алды.
Индустриалды-интеллектуалдық дамудың жаңа сатысына көтерілген жергілікті компаниялар Қазақстандағы барлық ірі мұнай-газ жобаларын іске асыратын мердігер шарты бойынша тарту үшін сұранысқа ие бола бастады және өз қызметінің аясын кеңейтуге дайын.
2019 жылы сәуірде ҚПО компаниясы УКПГ-2-ге газды кері айдайтын 4-ші компрессор жобасын іске асыруға «Монтажспецстрой» АҚ – Бонатти» консорциумымен келісімшарт жасасты.
Газды кері айдайтын 4-ші компрессор жобасы жетегі арттырғыш берілісі, MS5002D газ турбинасы бар редуктор арқылы қосылатын және құрғақ күкіртті газды пайдаланатын нығыздағыш ілеспе жүйесі бар үш сатылы ортадан тепкіш компрессоры бар компрессор учаскесін қамтиды.
Осы жобаның басты міндеттерінің бірі – F22 материалынан жасалған қалыңдығы арттырылған қабырғаны трубамен орап дәнекерлейтін білікті мамандарды және бір мезгілде осы күрделі процеске жергілікті дәнекерлеушілерді барынша тарту.
Жобаны іске асыруды бастағаннан жұмысты қауіпсіз атқару дағдыларын дамыту, еңбек тиімділігі мен өнімділігін арттыру мақсатында консорциум жергілікті мамандарды оқыта бастады.
Консорциум алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін 2019 жылдың желтоқсанында Тұңғыш ауылындағы (Бөрлі ауданы) өндірістік базасының аумағындағы F22 материалынан жасалған, қалыңдығы арттырылған қабырғаны трубамен орап дәнекерлеуге арналған имектеп дәнекерлеудің жартылай автоматты дәнекерлеу аппаратын қоса алғанда, барлық қажетті құрал-жабдықты жұмылдырды, ал 2020 жылы ақпанда жергілікті дәнекерлеушілерді, соның ішінде имектеп дәнекерлеу аппаратының операторларын қарқынды кәсіби оқытуды іске қосты.
Қазіргі кезде консорциум оқыту қорытындысы, біліктілік бағасы және жүргізілген механикалық сынақтар бойынша қолмен дәнекерлейтін 35 жергілікті дәнекерлеуші және 4 жергілікті операторды, осы кезде имектеп дәнекерлеу әдісімен F22 материалынан жасалған қалыңдығы арттырылған қабырғаны трубамен орап дәнекерлеу үшін жобаға қосылғандарды (олардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысында тұрады) даярлады.
Осы консорциумды құру бастамасы Қарашығанақ жобасына жергілікті қамту үлесін арттыру жөніндегі іс-шара аясында ҚПО мен қазақстандық өндірушілердің жемісті ынтымақтастығының тағы бір мысалы.
Қазіргі кезде ҚПО бірлескен кәсіпорындар мен консорциумдар құру үшін шетелдік кәсіпорындар арасынан серіктестер іздеуде жергілікті өндіруші компанияларға көмек көрсетуде. Осындай серіктестер мен консорциумдардың құрылуы жұмыс орындарын ашып қоймай, Қазақстанда жаңа технологиялармен алмасу және жаңа өндірістерді дамытуға септігін тигізеді, сондай-ақ жергілікті компанияларға сапаның халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сапаны қамтамасыз ету жергілікті компаниялардың болашақта халықаралық нарыққа шығуы есебінен өнімді сату нарығын кеңейтуге мүмкіндік беретін өлшемшарт. 2020 жылғы бірінші тоқсанда ҚПО келісімшарттарындағы тауарлар жеткізу және қызмет көрсетудегі жергілікті қамту үлесі – 59%.