Саудагерге сана бер
Саудагерге сана бер
152
оқылды
Мысалы, Нұр-Сұлтан қала­сын­да карантин кезеңінде ірі сауда желілері бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын үстемеақысыз сатуда. Барлық Small супермаркет желісі осы жұмыс принципіне көшті. Magnum сауда желісі карантин ке­зеңінде бірқатар әлеуметтік ма­ңызы бар азықты арзанға сата­ды. КеңMart гипермаркеті 1 сәуірден бастап 130 тауардың бағасын 5%-ға төмендетті, картоп, пияз, сәбіз және қырыққабат өз бағасымен сатылады. Елорда әкімдігі нарық қатысушыларымен бірге әлеумет­тік маңызы бар азық-түлік тауарла­рына бағаны тұрақтандыру бойын­ша жүйелі жұмыс жүргізуде. Елор­да­да тұрақтандыру қоры құрылып, бөлшек сауда желілерін жеңілде­тілген несие бойынша жұмыс жүр­гізілді, «айналым механизмі» жо­басына бірқатар ірі сауда желі­лері мен базарлар қатысуда. Осылайша, қала әкімдігі нарық қатысу­шы­ла­рына қолдау көрсе­туде. Сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласы Инвестициялар және кәсіп­керлікті дамыту басқармасы­ның басшысы Ерлан Бекмұрзаев: «Карантин режимі енгізілгеннен бері жарты айдан аса уақыт өтті. Қалаға тауарлар үздіксіз жеткізіліп жатыр, тапшылық байқалмайды. Жүк тасымалы үшін кіреберісте «жасыл дәліз» жасалған. Карантин енгізілген сәттен бастап, қалаға жалпы көлемі 39 812,2 тонна 3,776 жүк көлігі кірді. Оның ішінде азық-түлік өнімдері – 14 315,4 тонна. Бұл базар нарығындағы бүгін­гі сатылым көлеміне сәйкес келеді. Бүгінде қалада азық-түлік қоры жеткілікті» деген еді. Алайда бұл шекті бағаларды арнайы дүкендер ғана ұстап отыр ма дерсің. Сонымен бірге бұл шекті бағаны тек осы тоғыз тағам түріне ғана емес, барлық азық-түлікке қойған дұрыс-ау. Әйтпесе, қазіргі карантин уақытында қи­нал­ған халық күнделікті жейтін асқа ақша таба алмай қиналып отыр­ғанда саудагерлер мен делдал­дар пайда табуда. Қой еті ем деп еді, қымбаттап кетті. Басқа тауар­ларға да осының «салқыны» тиді. Мысалы, елордадағы «Ануар» сауда үйінде 1 келі картоп бағасы – 217 теңге, сарымсақ – 841 теңге, лимон 820 теңгеге саудалануда. Ал сиыр еті – 2 500 теңге, қойдың еті 3 000 теңгеден асып кеткен. Мұн­дай жағдай еліміздің бірқатар өңі­рін­де қайталануда. Біле жүріңіз: Елордада Үкімет тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мақсатында тоғыз тауарға шекті баға қойылды. Олар: сұрыпталған бидай ұны (197 теңге), бірінші сұрыпты ұннан жасалған қалыпты нан (150 теңге/келі, 82,5 теңге/500 гр.), өлшемелі макарон (230 теңге), қарақұмық жармасы (239 теңге), өңделген күріш (307 теңге), сиыр еті (иық-кеуде сүйектері) (2113 теңге), тауық жұ­мырт­қасы (І санат) (351 теңге), күн­бағыс майы (481 теңге), ас тұзы («Экстраны» қоспағанда) (55 теңге). Бағалар әр өңірде жеке бел­гіленген. Белгіленген бағадан асқан жағдайда кәсіпкерлерге 265 мың теңгеден 530 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. sayda ortaligi1  

Комитет құрыла ма?

Үкімет отырысында Ауыл шаруа­шылығы министрі Сапархан Омаров министрлікке қарайтын Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынды. – Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін болдырмау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ішкі нарықты молықтыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде. Импорт алмастыруды ескере отырып, инвестициялық жобалар­ды іске асыру жөнінде айқын жос­пар әзірленді. Сақтау инфра­құры­­лымы бойынша қазір республикада 27 млн тонна сақтау сыйымды­лықтары, оның ішінде 189 лицен­зияланған астық қабылдау кәсіп­орны бар. Алайда шағын және орта фермерлерге арналған 10 мың тоннаға дейінгі кішігірім астық қоймаларының мәселесін шешу керек. Мұндай тәжірибе АҚШ пен Канадада бар, біз де бұл бағытта мемлекеттік қолдау шараларын енгізуді жоспарлап отырмыз, – деді ол. Министр маусымаралық кезең­де қазіргі заманғы көкөніс сақтау орындары мен жеміс сақтау орындары (1,9 млн тоннаға 1 249 бірлік) жетіспейтінін айтты. – Бұл үшін заманауи сақтау орындарын салуға жеңілдетілген кредит беру және инвестициялық субсидиялау жүзеге асырылуда. Агроөнеркәсіптік кешеннің экс­порттық әлеуетін іске асыруға қатысты сыртқы нарықтың конъюн­ктурасы зерттеледі. Көлік шығындарын субсидиялаумен қатар, экспорттық өнімді сертифи­каттауға жұмсалған шығынға өтемақыны енгізу, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өнімін жылжытудың жаңа тиімді маркетингтік құралдарын енгізу пысықталатын болады. Импорт­таушы елдердің нарықтарына егжей-тегжейлі шолу жасай отырып, «экспорттық гидтердің» үлгілік жүйесін енгізу жоспарланып отыр, – деді ол. Министр ауыл шаруашылығы өнімін өңдеуде бірыңғай саясатты қалыптастыру үшін тиісті функ­циялар мен қажетті штат санын бере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрамында Тамақ және өңдеу өнеркәсібі комитетін құруды ұсынатынын айтты. Әрине, қолдауға тұрарлық ұсыныс. Бірақ әкімдіктерде осы сала­мен бұрыннан жұмыс істейтін­дер, бағаны тұрақтандыра алма­ғанда «жаңа комитет не тындыр­мақ?» деген де ой келеді. Мүмкін жеке-дара комитет осы істі өзі ғана қолға алса, баға шынымен тұрақта­лар деген үміт те жоқ емес.  

АдебиетӘдебиет БЕЛГІБАЙҰЛЫ