"Қазгидромет" РМК 16-18 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның барлық дерлік аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек республиканың батыс және шығыс өңірлерінің кей жерлерінде өткінші жаңбыр мен найзағай, екпінді жел күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Оңтүстіктің кей жерлерінде шаңды дауыл мен жел күшейеді. Сондай-ақ еліміздің басым бөлігінде Ираннан келетін ыстық ауа массаларымен ыстық ауа райы сақталады.