Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ресми мәліметі бойынша, мектепке дейінгі мекемелердің 19 қызметкері коронавирус жұқтырған.
Сонымен қатар, 0-6 жас аралығындағы 1193 бала COVID-19 шалдыққан.
Жалпы, 6 жасқа дейінгі балалар саны – 2,7 миллионнан аса. Оның 771 мыңы мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға бараса, 121 мыңы шағын орталықтарға барады.
Олардың мәліметінше, елімізде барлығы 10 мыңнан аса мектепке дейінгі ұйым мен шағын орталық жұмыс істейді. Оның арасында 440 мыңнан аса балабақша бар. Соның 3800-ге жуығы жекеменшік балабақша.