Бұл жайында Қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының хабарлады.
Олардың айтуынша, 5-14 шілде аралығында карантин талаптарын бұзған 165 жеке тұлға әкімшілік жазаға тартылды. Оның бәрі маскасыз жүрген.
«Әр тұлғаға қатысты ҚР ӘқбК 425-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылды. Бап бойынша 30 АЕК, 83 мың теңге көлемінде айыппұл қарастырылған», - деді департамент мамандары.
Қазір мониторинг топтары қоғамдық орындарда рейд жұмыстарын әлі жалғастырып жатыр. Бұған дейін ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев азаматтар мен бизнес субьектілерінің құқығы мен міндеттері туралы айтқан еді. Естеріңізде болса, Алматыда 5 шілдеден бастап COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында шектеу шаралары енгізілген болатын.