Бұл жайында «Менің қалам» порталы жариялады.
Ер азаматтың мәйіті 11 шілде күні Чапаев ауылдық округіндегі саяжайдан табылды. Сонымен қатар марқұммен бірге қолхат бар болып шықты. Хатта өзінің өліміне ешкімді кінәламауды өтінген. Оған қоса, бұл қадамға амалсыздықтан, мойнындағы несиені жаба алмауынан барғанын жазған.
Мәйіт Орал қаласының ШОБ-на жіберілді. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі азаматтың өзін-өзіне қол жұмсағанын растады.
«11 шілдеде Чапаев ауылының маңында 1978 жылғы азамат өз үйінде өзін-өзі атып өлтірді. Оқиға орнынан қолхаты да табылды. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 105-бабымен «Өз-өзіне қол жұмсау» ісімен тіркелді» деді олар.
Олардың хабарлауынша, ауыл тұрғыны өзін ИЖ 12 калибрлі мылтықпен жүрек тұсынан атып жіберген.