42 500 теңгені алу үшін өтінім қабылдау басталғаны рас па?
42 500 теңгені алу үшін өтінім қабылдау басталғаны рас па?
Фото: Интернеттен алынды
209
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлемдерге өтінім қабылдау үшін сайттың іске қосылғаны туралы таратылған ақпарат шындыққа жанаспайды. Айта кетейік, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі COVID-19 ауруына байланысты жағдайды тұрақтандыру үшін шектеу шараларының енгізілуіне байланысты кірісін жоғалтқан азаматтарға біржолғы төлемді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеуде.
«Біржолғы төлемді тағайындау үшін өтініштерді 17 шілдеден бастап қабылдау жоспарланып отыр. Біржолғы төлемді тағайындауды 20 шілдеден бастау жоспарланып отыр» делінген министрліктің ресми хабарламасында. 
Министрлік жалған ақпаратты тарату заң бойынша жазаланатынын ескертті. Тұрғындардан жалған ақпаратқа назар аудармауын және ақпаратты тек ресми көздерден алуды сұрады.