Ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын сайт іске қосылды
Ақпараттың рас-өтірігін анықтайтын сайт іске қосылды
Фото: Интернеттен алынды
295
оқылды
Министрліктің хабарлауынша, жаңа сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату және т.б. екендігін жариялайды. StopFake бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, байланыс каналдарында таратылған ақпараттардың шынайылығын анықтап, талдап, зерттеу нәтижелерін көрсетеді. Сайтта «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар. Ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, ақпараттың мүмкін еместігі туралы шағым жібере алады. Редакторлар оның жалған не ақиқат екенін анықтап, бұл туралы жаңалықтарды веб-сайтта жариялайды. StopFake қоғамда ақпараттық манипуляциялармен күресу үшін іске қосылды.