Өгей әкесі өлімші етіп ұрған баланың жағдайы өте ауыр – инспектор
Өгей әкесі өлімші етіп ұрған баланың жағдайы өте ауыр – инспектор
Фото: Интернеттен алынды
5,235
оқылды
Полицейлердің айтуынша, оқиға 7 шілдеде Солтүстік-шығыс ықшамауданда көпқабатты үйдің пәтерінде болған.
Орал қаласы Полиция басқармасының кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша инспектор Мадина Құспанова: «Өгей әкесі 2 жастан асқан баланы ұрып тастаған. Оқиға кезінде анасы кішкентай баласымен сыртта аулада жүрген. Анасының айтуынша, үлкен ұлы пәтерде ұйықтап жатқан. Артынша үйге маскүнем күйеуі келген. Бала оянғаннан кейін дәретке отырмақ болған. Ер адам баласы кафельді былғағанын көріп, жазаламақ болған. Бала етпетімен еденге құлап, есінен айырылған. Күдікті баланың бетінен бірнеше рет ұрып, оның есін жидырмақ болған. Бетіне мұздай су шашқан», – деді. 
Ауладан үйге қайта кірген анасы баласының ес-түссіз жатқанын көріп, полиция мен жедел жәрдем шақырған. Бала облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер баланың маңдайы жарылған, бассүйегі сынғанын анықтады. Денсаулық жағдайы өте ауыр деп отыр. Баланың анасы полицияға арыз жазған. Тергеу басталды. Күдікті бұрын сотталған. Қазір  тергеу изоляторында қамауда отыр.