Алматыда коронавирусты 20-29 аралығындағы жастар көп жұқтырған
Алматыда коронавирусты 20-29 аралығындағы жастар көп жұқтырған
© Әлихан Сариев
235
оқылды
Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың қандай екенін баяндады.
"Қазір Алматыда 8259 адам вирус жұқтырғаны анықталды. Оның ішінде 5480 адамда симптомдары болса, 2799 адамда ешқандай белгісіз түрін жұқтырған.  Оның ішінде көбінесе коронавирус жұқтырғандардың жасы 20-29 аралығында. Олардың үлес салмағы 19,3 болып отыр. 30-39 жастағы адамдар арасында 13,1 пайыз, қауіп тобы боп саналатын қарт кісілер арасында 7,7 пайыз құрап отыр», - деді Ж.Бекшин.
Бас санитардың айтуынша, көбінесе бұл жастардың жағдайға жауапкершілікпен қарамайды.
«Көп жастар әлеуметтік қашықтықты сақтамайды, маска кимейді. Олар шоғырланып жүреді. Сөйтіп қарт кісілердің өміріне қауіп төндіреді. Жастарда коронавирус жеңіл өтеді. Ал үлкен кісілерге бұл өте қауіпті. Қарт кісілерге үйде отырып, ешқайда шықпау керек», - деді Бекшин.