Нұр-Сұлтанда 4 ауданның әкімдігі Ашық есік күнін өткізеді
Нұр-Сұлтанда 4 ауданның әкімдігі Ашық есік күнін өткізеді
265
оқылды

Нұр-Сұлтан қаласының 4 аудандық әкімдігінде ашық есік күні өтеді.

Шара барысында қала тұрғындары өздерінің өтініштері мен ұсыныстары бойынша аудан әкімінен, қалалық басқарма басшыларынан тікелей жауап ала алады.

«Ашық әкімдік» астананың барлық аудан тұрғындарымен тиімді кері байланыс орнататын тұрақты алаңға айналады.

«Бұл – мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қол жетімділігін, сапасын қамтамасыз ететін сұхбат алаңы. Осылайша, қала тұрғындары алдын ала жазылусыз мемлекеттік орган өкілдерімен тікелей кездесіп, өздерінің түйіткілдерін жеткізе алады. Құқықтық және әлеуметтік көмек алу мәселелерін шешеді. Елордалықтар консультация мен өз сауалдарына жауап алу үшін тұрғылықты жері бойынша аудан әкімі аппараттарына жүгіне алады» делінген әкімдіктің хабарламасында.

«Алматы» ауданы әкімінің аппараты тұрғындарды Тәуелсіздік даңғылы, 7 мекенжайында орналасқан аудан әкімдігінің ғимаратында, «Байқоңыр» ауданының әкімдігі «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34), «Есіл» ауданының әкімдігі аудандық әкімдік ғимаратында (Қабанбай батыр көшесі, 33), «Сарыарқа» ауданының әкімдігі Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайында орналасқан әкімдік ғимаратында өткізеді. «Ашық әкімдік» ашық есік күні сағат 10.00-ден 13.00-ге дейінгі аралықта өтеді.

.