«Салғырттық болмауы тиіс» – Алексей Цой қоғамдық бақылаудың кемшілігін айтты
«Салғырттық болмауы тиіс» – Алексей Цой қоғамдық бақылаудың кемшілігін айтты
Фото: Интернеттен алынды
259
оқылды
Волонтерлер, қоғам белсенділері, дәрігерлер, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен онлайн кездесу барысында мониторинг тобының жұмысын ұйымдастыру, оларға құқықтық мәртебе беру мәселелері талқыланды. Министр қатысқа жиында Алматыда қоғамдық бақылауға атсалысып жүрген Саида Тәуекелова дәріханаларда дәрілік заттардың бар-жоғын тексеру, гуманитарлық көмектің дұрыс жеткізілуін қадағалауға қатысты ойын айтты.
«Әрбір мониторинг топтың нақты қызметін жазып, волентерлерге куәлік, жадынама және нақты куәлік, құжат жасап берген жөн. Ақпараттарды өңдеуді жолға қойып, оларды шешім қабылдау үшін тиісті сатыға беру керек», – деді.
Денсаулық сақтау министрі. Алексей Цойдың айтуынша, ең бірінші қауіпсіздікті сақтау өте маңызды.
«Біздің барлығымыз коронавирус инфекциясымен күреске жұмылуымыз қажет. Біздің мақсатымыз – денсаулық сақтау жүйесін дұрыс жолға қою. Жер-жерде салғырттық болмауы тиіс. Сонымен қатар дәрігерлер қолдау мен қамқорлықты сезінуі керек. Ал пациенттерге қатысты егер құқыққа қайшы жағдай болса немесе көмек көрсету стандарттары сай болмаса, онда себебін анықтаған жөн. Дәрігерлер мен емделушілердің абыройына нұқсан келмеуі тиіс», – деді.