Елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды
Елімізде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілетін болды
© сурет инернеттен алынды
139
оқылды
Қазақстанда пневмонияға шалдыққандар  коронавирус жұқтырғандардың қатарына қосылатын болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой  хабарлады.
«Коронавирус пен пневмония бойынша мәліметтердің ашықтығын барынша қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық мәліметтерді тіркеу және ақпараттандырудың жаңа амал-әдістерін айқындады. ДДСҰ-ның Еуропалық бюросы жүргізген техникалық кеңесті есепке ала отырып, біз КВИ жағдайларын кодтау мен тіркеуде халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодына өту туралы шешім қабылдадық», - деді ол ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, осылайша тест коронавирус жоқ деп көрсетсе де, оның клиникалық жағдайларына қарай оны коронавирус деп тану туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке пандемияның статистикасын ашық жариялауды міндеттеген болатын.