Елбасы металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады
Елбасы металлургтерді кәсіби мерекесімен құттықтады
© сурет интернеттен алынды
243
оқылды
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев металлургия саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, - деп хабарлады elbasy.kz. "Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлург күнімен құттықтаймын! Осы атаулы күні біз металлургтарға – ерлік пен зор қайрат-жігерді талап ететін мамандық иелеріне, өздерінің абыройлы да ауыр жұмысына берілген еңбексүйгіш жандарға сый-құрмет көрсетеміз. Менің өзім де домна пеші басындағы еңбекте шыңдалып, тәжірибе жинақтадым. Жұмылған жұдырықтай ұйымшылдықтың, өзара көмек пен нағыз достықтың шын бағасын білдім. Металлургия – қазақстандық өнеркәсіптің жетекші саласының бірі, онда мыңдаған жоғары білікті мамандар мен басқарушылар еңбек етеді. Олардың қажырлы еңбегі мен асқан шеберлігі еліміздің экономикалық әл-ауқатының берік негізінің бірі болып отыр. Сіздер алдағы уақытта да Қазақстанның игілігі жолындағы өз жұмыстарыңыздың барысында кәсіби жаңа биіктерді бағындыра бересіздер деп сенемін. Баршаңызға мықты денсаулық, табыс, бақ-береке тілеймін!", - делінген құттықтауда.