Қазақстанда коронавирустың жаңа статистикасы 1 тамыздан бастап жүргізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
«Жинақталған клиникалық тәжірибелерге сүйеніп, біз коронавирус пен пневмонияның ұқсастығы барын айта аламыз. Сол себепті оларды емдеудің бірыңғай тактикасын қолдану керек деп есептейміз. 11 шілдеде бізге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 жағдайларын жаңа форматта классификациялау және тіркеу бойынша ресми хабарламасы келді», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министрдің айтуынша, маусымда елімізде "белгісіз пневмония" өршіді.
«Маусым айының үшінші онкүндігінен бастап қоздырғышы айқындалмаған, яғни зертханалық тұрғыда расталмаған пневмония жағдайы артты. COVID-19 індетін жұқтыру мен өлім-жітім статистикасы мәліметтердің екі көзінен құралады: COVID-19 жағдайының зертханалық тұрғыда расталған мәліметтері мен айқындалмаған вирусты пневмония бойынша мәліметтер. Халықаралық аурулар квалификациясының жаңа кодын қолдана отырып, COVID-19 кодтауына толық өту 1 тамызда басталады», - деді ол.