Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам көз жұмғанын хабарлады. Өткен жылы 1 896 жағдай тіркелген.
«Биылғы 1 қаңтардан 15 шілдеге дейінгі аралықта Қазақстанда 234 187 адам пневмонияға шалдыққан. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 3,3 есе көп (70 926 адам)», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Министр айтуыныша, бұл стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа да көптеген қоздырғыштар тудыратын бактериалды пневмония (45 824 жағдай тіркелген, яғни 19,6%). Сондай-ақ аденовирус, риновирус пневмониясы, сондай-ақ параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туған пневмония жағдайы тіркелген. Соңғыысы қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмония. Бұл коронавирусқа ұқсас пневмония.