Британдық Кеңес Қазақстан мұғалімдерін ағылшын тілін үйрететін авторлық онлайн курс дайындауға шақырады
Британдық Кеңес Қазақстан мұғалімдерін ағылшын тілін үйрететін авторлық онлайн курс дайындауға шақырады
342
оқылды
Шілденің 14-30 аралығында Британдық Кеңестің ұйымдастыруымен және «Теңізшевройл» компаниясының қолдауымен Маңғыстау және Атырау облыстарын ерекше назарға ала отырып, бастауыш және орта сыныптың ағылшын тілі мұғалімдері арасында «Ағылшын тілінен үздік видео сабақ» атты байқауға тіркеу басталды. Яғни жоба бекіткен ережеге сәйкес үш географиялық категория бойынша ең үздік видео әзірлеген Атырау облысы, Маңғыстау облысы және Қазақстанның басқа да өңірлері бойынша 10 финалист мұғалім анықталады. Финалға жолдама алған 30 қатысушы Ұлыбританияның онлайн сабақ әзірлеу бойынша таңдаулы сарапшы мамандарымен кеңесе отырып, 30 видео жұмыс әзірлейді. Бұл видео сабақтар Қазақстан мұғалімдеріне таратылады және онлайн оқыту платформаларында қолдану үшін Білім және ғылым министрлігіне ұсынылады. – Бастама мектеп мұғалімдерінің сапалы видео сабақтар әзірлеуі барысында педагогикалық, цифрлық және презентациялық дағдыларын дамытуға көмектеседі деп үметтінеміз. Сонымен қатар, мұғалімдер ағылшын тілін қашықтан оқыту үшін аталмыш видео сабақтарды негізгі оқулыққа қосымша материал ретінде немесе студенттердің өз бетінше оқуы үшін пайдалана алады, – дейді British Council Kazakhstan ағылшын тілі жобаларының менеджері Ардақ Бектұрова.
Тіркеу 2020 жылдың 30 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23:59 аяқталады. Тіркеуге сілтеме