Алматының құқық қорғау органдары дәрілерді заңсыз жүзеге асырудың 44 фактісін анықтады
Алматының құқық қорғау органдары дәрілерді заңсыз жүзеге асырудың 44 фактісін анықтады
5,286
оқылды
Мемлекет басшысының және Бас Прокурордың тапсырмаларын орындау аясында әрбір ауданда құрамына прокуратураның жедел қызметкерлері, әкімдік, Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, жергілікті полиция қызметі өкілдері енген мобильді топтар құрылған және қызмет етуде. Мобильді топтар дәрілік құралдарды заңсыз сатуды жүзеге асыру және олардың бағаларының көтерілу фактілерін анықтап, жолын кесу, сонымен бірге, күшейтілген карантин режиміне байланысты басқа да құқықбұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жүргізеді. Топтармен тұрақты түрде әлеуметтік желілер мен БАҚ-на мониторинг жүргізіледі. Мониторинг жүргізу барысында Әуезов ауданының прокуратура қызметкерлері танымал Telegram мессенджері арқылы жеке тұлғаның дәрілік құралдарды (дексамезон, левофлоксан, меропенем, клексан 0,6)  заңсыз жүзеге асыру фактісін анықтады. Қорытынды сатып алу нәтижесі бойынша Әуезов ауданының криминалды полицияның жедел әрекет ету қызметкерлері жоғарыда аталған дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асырмақ болған М. есімді азаматты ұстады.  Тергеу шаралары жалғасуда. Жалпы алғанда, Алматы қаласының мемлекеттік құқық қорғау органдарымен осы сынды 44 құқықбұзушылық анықталды. Олардың 16-сы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде. Қалған құқықбұзушылар өкілетті органдармен әкімшілік жауапкершілікке тартылуда. Тәркіленген медикаменттер (левоцин 100 мл-ден 14 орама, ингаверин-90 – 532 орама, фраксипарин 0,3 мл 5 орама, азитромицин 45 орама, азитромицин (зомакс) 98 орама, балаларға арналған анаферон 105 орама, «Ересектерге арналған Анаферон» 61 орама, «Гроприносил» 99 орама, tamiflu 8 орама, цефазолин 19 ампула) және медициналық өнімдер балалар инфекциялық ауруханасына тапсырылғанын атап өткен жөн. Сонымен бірге, қала дәріханаларында дәрілік құралдардың бағасын заңсыз көтерудің 28 фактісі анықталды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ҚРӘҚтК 426-бабы бойынша 6 субъектті әкімшілік жауапкершілікке тартты, 22 материал қаралуда. Прокуратура осы салада заң бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтардан назар аударуды және келесі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды. - дәріханаларда дәрілік препараттар бағасының көтерілу фактілері бойынша Алматы қаласының Прокуратурасы 265-03-03 (кезекші) (немесе осыған жұмылдырылған көмекшілердің нөмірлері); - дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру (алыпсатарлық) фактілері бойынша Алматы қаласы бойынша  Экономикалық тергеу департаменті 279-29-56  және Алматы қ. Полиция департаменті 254-40-42; - медициналық қызметкерлер тарапынан дәрілік құралдарды заңсыз жүзеге асыру фактілері бойынша Алматы қ. бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің Департаменті 278-73-00.

Гүлнар ЖҰМАБАЙҚЫЗЫ