Аурухана басшылығы дәрігерлердің үстемеақысын жымқырып кеткен
Аурухана басшылығы дәрігерлердің үстемеақысын жымқырып кеткен
©Сурет интернеттен алынды
5,251
оқылды
Жамбыл облысында Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігі хабарлады. 
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агентігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жуалы ауданының орталық аудандық ауруханасының лауазымды қызметкерлеріне қатысты медицина қызметкерлерінің шағымдары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу коронавирус пандемиясы жағдайында эпидемияға қарсы шаралар үшін еңбекақыға аударылған қосымша үстемақыдан қаржы иемдену дерегі бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген агенттік таратқан хабарламада.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейтінін атап өтті.