Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасау күдігіне ілінді.
Ол есірткі құралдарын өндіру барысында жалпы қамқорлығы үшін 500 мың теңге сомасында пара алуда күдікке ілінді. ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
[embed]https://youtu.be/5j1kNmqDYRU[/embed]
Қызылорда облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі аталған өңірдің Полиция департаментінің Жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп Қызылорда облысы бойынша Полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім басшысын сыбайлас жемқорлық қылмысын жасауда әшкереледі.