Коронавирусқа қарсы күрес кезінде дәрігерлерді қолдау мақсатында Маңғыстау облыстық филиалының «Jas Otan» Жастар қанатының еріктілері Ақтау қаласында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын өткізді. Мұндай акция еліміздің өзге өңірлерінде қолдау тапқан. Дәрігерлерге арналған тарту ішінде жеміс-жидектер, түрлі тәттілер мен сүт өнімдері бар.
Аймақтағы «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Наурызбек Мағдатов: «Маңғыстау облысы Ақтау қаласында коронавирусқа қарсы дәрігерлер күн-түн демей дамылсыз еңбек етіп жатыр. Осы дәрігерлер, мейірбекелер Ақтау қаласы бойынша 6 қонақүйге орналастырылған. Дәрігерлерге күнделікті облыстық мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері мен волонтерлер жеміс-жидектер, сүт өнімдері, түрлі тәттілерді әкеліп жүрміз. Басты мақсатымыз – дәрігерлерге алғыс айтып, осы бір қиын уақытта олармен брге екенімізді білдіріп, қолдау көрсету. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін. Дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» даярлағанда олардың өтінішін ескердік», – дейді.
Сонымен қоса, волонтерлер ертең демеушілердің көмегімен Облыстық ауруханаға 35 дана ауыр науқастарға арналған төсек орын (противопролежный матрас) тапсыратын болады.