Бас қалада карантин тәртібін бұзған 144 жағдай тіркелді
Бас қалада карантин тәртібін бұзған 144 жағдай тіркелді
фгото: ашық дереккөз
291
оқылды
Тәртіп сақшылары, эпидемиологтар, еріктілер, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері карантин режимін бұзу әрекеттерін анықтау бойынша рейдтік шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. «Нұр-Сұлтан қаласында 5 шілдеден бастап мобильді топтар карантин тәртібін бұзудың – 76 жағдайын, полицияның біріккен күштері – 68 жағдайын анықталды. Ереже бұзу туралы материалдар денсаулық сақтау саласының жергілікті атқарушы органы – тауарлар сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне берілді», – деп хабарлады қалалық полиция департаменті.  width= Қазіргі уақытта мониторингтік мобильді топтардың саны - 8. Оларда 49 адам, оның ішінде полиция, тауарлардың сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері мен еріктілер бар. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды қоғамдық орындарда жауапкершілік танытып, санитарлық нормаларды сақтауға, сондай-ақ карантин шаралары кезінде полиция қызметкерлерінің талаптарына түсіністік танытуға шақырады.    width= Індеттің таралуының алдын алу мақсатында полиция мен волонтерлер карантин режимін сақтау және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану қажеттігі туралы тұрғындармен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар полиция ойын-сауық, қоғамдық тамақтану орындары, моншалар, сауналар, аттракциондарға барып, олардың иелеріне қолданыстағы карантин шаралары туралы