Елордада әзірге қоғамдық көлік жүрмейді
Елордада әзірге қоғамдық көлік жүрмейді
фото: ашық дереккөз
277
оқылды
Нұр-Сұлтандағы қоғамдық көліктің жұмысы әзірге жанданбайды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты. «Қатаң карантиндік шаралардың ұзартылуына байланысты, елордадағы қоғамдық көлік жұмысы әзірге жанданбайды. Бағыттар туралы жолға шығар алдында қосымша хабарлаймыз», - делінген. Еске сала кетсек, бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық көліктің не үшін тоқтатылғанын түсіндірген. «Штабта инфекция таралымын азайтып, жұқтыру тізбегін үзу туралы шешім қабылданды. Тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық көлік – ауру жұқтыру қаупі бар негізгі орын. Төтенше жағдай режиміне дейін елордада күніне 750 мың адам қоғамдық көлікті пайдаланатын. Бұл – ауқымды көрсеткіш. Қоғамдық көлікті тоқтатқанда инфекция таралымының айтарлықтай азайғанын байқадық. Сондықтан, карантин кезінде де адамдардың денсаулығына қатер төнбеуі үшін қоғамдық көлік тоқтатылды», - деген болатын  Алтай Көлгінов.