Сингапур билігі дәрігерлерге төленетін сыйақы үшін еңбекақыларынан бас тартты
Сингапур билігі дәрігерлерге төленетін сыйақы үшін еңбекақыларынан бас тартты
© coconuts.co
253
оқылды
Сингапурда Президент, Премьер-министр және үкімет мүшелері, сондай-ақ бірнеше шенеунікбір айлық жалақыларынан бас тартты. Олар түскен қаражатты коронавируспен күреске тартылған ауруханалар мен денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлеріне сыйлы ретінде төлеуге жұмсамақ. Бұл туралы ТАСС хабарлайды. Елдің вице-премьері Хенг Сви Кит вирусқа қарсы әрекет еткендердің бәрі марапатталатынын айтты. Оның сөзінше, Сингапурдың барлық басшыларына жоғарғы айлық жалақы төленбейді. Ең көп қаржы алатын –Премьер-министр. Оның жалақысы шамамен 125 мың АҚШ доллар.