Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды – Қ.Тоқаев
Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды – Қ.Тоқаев
фото: ашық дереккөз
273
оқылды
Өйткені халқымыздың жартысына жуығы ауылдық жерлерде тұрады. Коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күрес мәселелері бойынша селекторлық отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Бүгінде ауылдағы азаматтар үшін диагностика және емдеу шаралары қол жетімді емес екенін айтқан Мемлекет басшысы оларға қарапайым дәрі-дәрмектің жетпей жатқанына тоқталды. – Ауыл-аймақтарда медицина кадрларының тапшылығы және қажетті инфрақұрылымның жоқтығы жығылғанға жұдырық болып отыр. Үкімет 2300 әмбебап мобильді бригаданың жасақталғанын баяндады. Алайда олар, негізінен, қала тұрғындарына ғана қызмет көрсетеді. Ауылды назардан тыс қалдыруға болмайды! Үкіметке өңірлермен бірлесіп, барынша қысқа мерзімде ауылдарды диагностика және емдеу ісімен, сондай-ақ, қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық құрылғылармен қамтамасыз етуді тапсырамын, – деді Президент.