Полиция қызметкері педофилді қуамын деп 13-қабаттан секіріп кетті
Полиция қызметкері педофилді қуамын деп 13-қабаттан секіріп кетті
фото: ашық дереккөз
237
оқылды
Алматылық 36 жастағы полиция қызметкері Бақытжан Бакиров қылмыскерді ұстау кезінде 13-қабаттан секіріп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Ол кәмелетке толмаған адамды тонау мен зорлау қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстады. Қылмыс 11 шілдеде жеке секторда болған. Белгісіз біреу төрт жасар бала мен 15 жастағы қыз тұрған үйге кіріп, 17 мың АҚШ долларын ұрлап, қызға зорлық көрсеткен. Полиция аталған қылмысқа байланысты арнайы жоспар құрып, оның қайда жасырынғанын анықтады. Полиция майоры Бақытжан Бакиров педофил жасырынған пәтерге сантехник болып кірген.  «Қылмыскер қаша жөнелген уақытта мен артынан қудым. Ол бөлмелердің біріне кіріп, ашық терезеден секірді. Басты мақсат қуып жету болғандықтан  мен де оның артынан секірдім», - деді Бакиров. Белгілі болғандай полицейдің аяғы сынған. Қазір Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша тергеу жүргізілуде: 192-баптың төртінші бөлігі («Қарақшылық», 14 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және 120-баптың төртінші бөлігі («Зорлау», 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру). Полиция майоры Бақытжан Бакиров пен оның серігі, полиция аға лейтенанты Мейір Несіпбай Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық қорғау қызметіне қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталды.