«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 16 шілдедегі жағдай бойынша қарыз алуға 396,31 млрд теңге сомасына 34 457 өтінім қабылданды. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
"Нәтижесінде 231,90 млрд теңге сомасына қарыз беруге 19 999 өтінім мақұлданды. «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Қазақстан орнықтылық қоры» АҚ-на + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызды сұраймыз. Сонымен қатар ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз", - делінген хабарламада.