Карантинде табыссыз қалған актер елден кеңес сұрады
Карантинде табыссыз қалған актер елден кеңес сұрады
© сурет интернеттен алынды
238
оқылды
Белгілі қазақстандық актер Еркен Губашев карантин кезінде табыссыз қалғанын айтып, елден кеңес сұрады. Бұл туралы ол өз Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Үнсіз қала алмаймын. Мен театр және кино актерімін. Сабақ беремін. Бірақ карантинге байланысты ақша табу мүмкіндігінен айырылдым. Әйелімнің мүгедектікке байланысты зейнетақысы болғандықтан, 42500 теңге берілмейді. Маған да «отказ» келді. Оны алу үшін бір жаққа ақша аударуым керек екен. Бірақ қалай? Карантинде бәрінен көп зардап шеккен біз – мәдениет қызметкерлері. Енді үш баламды қалай асырарымды білмеймін. Кеңес беріңіздерші? Мемлекеттен үміт жоқ. Кез келген жұмысты істеуге дайынмын», - деп жазды актер.
Е. Губашев Ақан Сатаевтың «Бизнесмендер», Рашид Сүлейменовтің «Зеркала», Асқар Бисембиннің «Nauryz.kz», Нұртас Адамбайдың «Тараз» фильмдерінде ойнаған.