Премьер-Министр Асқар Мамин Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына Үкіметтің Қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқаратын болады, - деп хабарлады primeminister.kz.
А. Мамин Мемлекет басшысы министрліктің алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап айтты. Денсаулық сақтау және білім беру саласын цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет. Барлық осы маңызды міндеттерді іске асыру, әсіресе, пандемия кезінде зор маңызға ие. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет.